Қызыл судың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысынан Атырауға ауысуда

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлердегі жағдай тұрақты бақылауда

Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда.

Бұдан бөлек, БҚО ТЖД құтқарушылары Алматы қаласының Республикалық жедел-құтқару жасағымен және берілген күштермен бірлесіп, саяжай алаптары ауданында су басқан аумақтарды патрульдеу және мониторинг жүргізу, тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялау жалғасуда.