Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойды

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігінің иесі көшелерді патрульдеу кезінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталды.

«Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді», - делінген хабарламада.