$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Педиатриялық мекемелерден тәжірибелі мамандардың жеке секторларға кетуі жиіледі – министрлік

Бұл медициналық көмектің сапасына жалпы қанағаттанбауға әкелді

Педиатриялық мекемелерден тәжірибелі мамандардың жеке секторларға кетуі жиіледі – министрлік
Фото: freepik.com

Тәжірибелі мамандардың жеке секторға кетуіне байланысты педиатриялық мекемелер жұмысының тиімділігін төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде балаларға көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бас дәрігерлердің қатысуымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл факторлар халықтың денсаулық сақтау шығындарының артуына, балалар үшін клиникалық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігінің төмендігіне және медициналық көмектің сапасына жалпы қанағаттанбауға әкелді. Төмен тарифтер мен балалар стационарларының жеткіліксіз менеджменті өңірлердегі маңызды бейінді төсектердің тапшылығына ықпал етеді, бұл балаларды медициналық көмектің мамандандырылған түрлерімен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Кеңесте атап өтілгендей, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда елдегі халықтың жыл сайынғы тұрақты өсуі байқалады, бұл балалар халқына медициналық көмекті ұйымдастыру үшін елеулі сын-тегеуріндер туғызады.

Балалардың саны 34%-ға өсті және бұл денсаулық сақтау жүйесінен сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін үйлесімді күш-жігерді талап етеді.

Педиатриялық қызметтің негізгі мақсаттарының бірі созылмалы ауруларды, мүгедектікті және балалар өлімін қоса алғанда, балалар денсаулығының жоғалуын болдырмау болып табылады.

Ведомство басшысы осы мақсатқа жету үшін аурулардың профилактикасы, патологияларды ерте анықтау және емдеу шараларын күшейту қажет екенін атап өтті.

Мәселен, Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мақсатында Министрдің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «Бір күндік клиникалар» пайда болады, онда әрбір жүкті әйел ұрықтың денсаулығын анықтау бойынша нақты скринингтен өте алады.

Серіктес жаңалықтары