Жамбыл облысында кадет сыныбының оқушысы автоматты 10 секундта бөлшектеп, жинады

Azattyq Rýhy

Өңірде жаңа кадет сыныбы ашылды

Жамбыл облысында кадет сыныбының оқушысы автоматты 10 секундта бөлшектеп, жинады
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында кадет сыныбының оқушы қызы автоматты 10 секундта бөлшектеп, жинап полицейлерді таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы №6 орта мектеп базасында ҚР ІІМ бастамасымен құқық қорғау бағытындағы «Жас сақшы» кадет сыныбы жұмысын бастады. Оған Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі берілді. Бұл сынып қосымша білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді және онда осы мектептің 8-11 сынып оқушылары білім алады.

Оқушыларға арнайы мектеп формасы тігіліп, оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Қосымша пәндердің қатарына құқық негіздері, саптық және медициналық дайындық, қаруды бөлшектеп шашып жинау, эстетикалық және патриоттық тәрбие беру жатады. Салтанатты рәсім Гимнді орындаудан басталды, содан кейін кадет сыныбының оқушылары өздерінің шеберліктерін, саптық дайындықтарын және арнайы дайындалған шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

Сондай-ақ осы сыныптың оқушысы Калашников автоматын шашып-жинаудың 13 секундта орындалатын нормативін 10 секундта орындап, ерекшеленді. Іс-шара ант қабылдау және куәліктер тапсырумен аяқталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.