Ақтауда жоғалып кеткен қыз табылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл туралы полициядан хабарлады 

Фото: lada.kz

Ақтауда жоғалып кеткен 24 жастағы Кәмшат Керім табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, қыз 18 сәуірде жоғалып кеткен еді. Бұл күні ол кешкі сағат 22:00 шамасында «Шығыс 3» шағын ауданындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қыз табылып, үйіне келген.