Оның магнитудасы - 4,4 балл
24 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 11:19-да тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде – Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, MPV магнитудасы 4,4, тереңдігі 5 шақырым болды.
Жер сілкінісінің сезілуі: Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Тасбастау ауылында - 2 балл.