Қазақстанның төрт облысындағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.

«4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған», - деп жазылған хабарламада.