Өрттің аумағы мың шаршы метрден асады
Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданындағы Үркер шағын ауданына жақын маңда, Қорғалжын тас жолынан 2 км жерде құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлады елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Бүгін 20 қазанда 11 сағат 54 минутта 101 пультіне өрт туралы хабар түсті. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндірушілері келген кезде Қорғалжын тас жол бойындағы Үркер ауданында ашық жерлерде құрғақ шөп пен қамыстың өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің аумағы мың шаршы метрді қамтиды», делінген департамент хабарламасында.
Өрт сөндіру жұмыстарын секундына 10 метр жылдамдықпен соғыс тұрған жел қиындатып отыр. Қазіргі таңда өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылған.