Ел халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр
22 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан республикасы тұрғындарының саны 37 000 505 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% өскен. 2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан. Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр», - делінген Статистика агенттігінің мәліметінде.