ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов аймақтағы үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді
Батыс Қазақстан облысының 10-нан астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді.
Күні бойы ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және т.б. ауылдарда болды. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.