Қазақстанға 15 жүк көлігі жөнелтілді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен Қазақстанға су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық жүк тиелген 15 жүк көлігі жөнелтілді. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, 15 жүк көлігі арқылы азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, матрацтар, көрпелер, жастықтар, гигиеналық құралдар, арнайы құрал-жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайықтар жинақтары және басқа да қажетті заттар жеткізіледі.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға гуманитарлық көмекті Қырғызстан жеткізген болатын.