Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі күйінде табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Біреуі 9 наурызда, екіншісі 15 сәуірде жоғалып кеткен

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылдары туған екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

Ол орта денелі, қысқа қара қоңыр шашты, қоңыр көзді. Үстіне сұр жемпір, көк джинсы шалбар, ақ кроссовка киген.

1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурыз күні жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшам ауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайындағы үйден шықты.

Оның бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қысқа қара, көзі қоңыр.