Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі табылды
Биыл 12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің ұйымдастыруда күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстанды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.
«Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлайды ҰҚК.