Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады.
Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.