Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

20 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Астана, Алматы, Павлодар қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.