Төтенше жағдай режимі тағы созыла ма?

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандағы төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылған еді

Фото: Батыржан Беспаев

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова онлай брифингте мамыр айында төтенше жағдай мерзімінің ұзартылып-ұзартылмауы қазақстандықтардың өзіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мемлекеттік комиссия төтенше жағдай режимін 30 сәуірге дейін созғанын білесіздер. Карантин мерзімінің ұзарып-ұзартылмауы көп жағдайда өзімізге байланысты. Карантин шараларын қаншалықты сақтаймыз, өзімізді қалай оқшаулаймыз, міне, осыған байланысты», - деді ол.

Айта кету керек, жақында Президент жарлығымен режим мерзімі 1 мамыр күнгі сағат 07.00-ге дейін ұзартылған еді.