Республика бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады.
Республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.