Еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖ аймақтарынан үй жануарлары да шығарылуда

Фото: t.me/qr_tjm

Еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Пресновка және Соколовка ауылдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. ТЖ аймақтарынан үй жануарлары да шығарылуда.

Жұмыс тәулік бойы жалғасуда.