Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су БҚО-ға 20 сәуірде келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған орай су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтілді

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Осыған орай су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтілді. Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында жалпы ұзындығы 102 км жуық бөгет тұрғызылды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.