Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді
Еліміздің 3 облысындағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол учаскесінде жалпы ұзындығы 7570 метр болатын бөлікті су басты. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» автомобиль жолының 555-729 шақырымы (Тобыл қ. - СҚО шекарасы учаскесі) аралығын су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.