Оқиға орнында «Казселденқорғау» ММ-нің мамандары жүр
Алматыда лай көшкіні орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Медеу ауданында көлемі 60 текше метр, салмағы шамамен 5 текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында «Казселденқорғау» ММ-нің мамандары жүр.
ТЖМ тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбырлары мен суару құбырларының, септиктердің жағдайын қадағалауды ұсынады.