Алматыда лай сырғымасы түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Осы учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар

Фото: t.me/qr_tjm

Алматыда көлемі 10 текше метр болатын лай сырғымасы түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті.

«Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын және топырақтың батпақтануы себеп болды», - деліген хабарламада.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ деректері бойынша, осы учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар.