Степногор қаласында мемқызметкерлерге 13,4 млн теңге негізсіз сыйақы берілген

Автор: Azattyq Rýhy

Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады

Фото: istockphoto.com

Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады. Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген. 

Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.