Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды
Көкшетау қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру ісінде оны жауапқа тартпағаны үшін пара беруге тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде 44 жастағы С. есімді азаматты ұстады.
Пара бергені және жезөкшелік пен жеңгетайлықпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.