Су тасқыны: мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Азық-түлік қоры эвакуацияланған азаматтарға жұмсалады

Фото: istockphoto.com

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік қоры броньнан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.

Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.