Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 15 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.
«Атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы әлі де сақталады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсу, қатты жел сынды ортақ табиғи құбылыс сипат алады, әсіресе еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғады», - делінген ақпаратта.