Жағдай әлі де күрделі: СҚО-да Сергеев су қоймасы 159% толып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Су бөгет шыңынан 3 метр 10 см асты

Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Апатты жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгін Петропавл қаласына ауыз су берілмек. Еріктілер көп көмек көрсетеді, ауыз су басқа қалалардан әкелініп жатыр. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте Петропавлда жарық бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жалпы, облыстағы жағдай әлі де күрделі болып қалуда.

«Сергеев су қоймасы 159% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 10 см асты. Тәулік ішінде 40 см төмендеді. Әрине, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, ол кезде тіркелген рекордтық көрсеткіш 4 м астам болған», - деді спикер.

Бірнеше күннің ішінде Петропавл қаласында да су азаяды деп күтілуде.

«Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1010 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды», - деді өңір өкілі.