Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданының орта мектебіне жеткізілді
Кеше кешке Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің басшылығымен құтқарушылар Мамыр, Нұра және Белшер ауылдарынан Ырғыз ауданына 121 адамды, оның ішінде 62 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданының орта мектебіне жеткізілді.
«Сондай-ақ, Нұра Мамыр және Белшер ауылдарында қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.