Өзбекстанда үйлену тойына барған 50-ден астам адам астан уланып қалды

Azattyq Rýhy

Ауруханаға барлығы 53 адам, оның ішінде 13 бала жеткізілді

Өзбекстанда үйлену тойына барған 50-ден астам адам астан уланып қалды
Фото: istockphoto.com

Өзбекстанның Бұхара облысындағы үйлену тойында 53 адам, оның ішінде 13 бала уланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 сәуірге қараған түні Бұхара облысының Бұхара және Вабкент аудандарындағы ауруханаларға іштің ауыруы, құсу және әлсіздік туралы шағымдары бар адамдар келе бастаған.

«Ауруханаға барлығы 53 адам, оның ішінде 13 бала жеткізілді. Олардың барлығы үйлену тойына қонақ болды», - делінген Telegram хабарламасында.

Ауруханаға осы жерде жұмыс істейтін барлық дәрігерлер, сондай-ақ облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары шұғыл түрде тартылды.

Нақтыланғандай, барлық науқастарға жедел диарея, орташа ауырлық дәрежесіндегі тамақтан уланудың гастритикалық және гастроэнтеритикалық түрі диагнозы қойылып, инфузиялық терапия басталды.

Денсаулығының қанағаттанарлық жағдайына байланысты 43 адам медициналық мекемелерден шығарылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.