14.04.2024, 06:12
Жаңалықтар
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 14 сәуірге Қазақстан аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.
«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелерде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз, Қазақстан Республикасында найзағай, тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды