Қытайлық туристер баласын Римге баратын пойызда ұмытып кеткен
Қытайлық туристер бес жасар бала пойыздан шығып кетті деп ойлаған, сондықтан оны Санта-Мария-Новелла вокзалында іздеген, деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның хабарлауынша, бала пойыздан шықпаған және Римге кеткен. Қорқып қалған бала тек қытайша сөйлейтіндіктен, ешкімнен көмек сұрай алмаған.
Вокзал қызметкері жолсерікке хабарласып, бала Римге кеткенін білген. Баланың ата-анасы оны Римнің вокзалынан алып кетті.