UFC-дің жаңартылған рейтингі: Шавкат Рахмонов нешінші орында?

Автор: Azattyq Rýhy

Көш басында нигериялық спортшы тұр

Фото: ©ufc.com

Ultimate Fighting Championship (UFC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz.

Жекпе жекте жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (8-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» жартылай орта салмақтағы рейтингте әлі де үшінші орында.

Көш басында нигериялық Камару Усман, ал екінші орында америкалық файтер Белал Мухаммад тұр.

Еске салайық, былтыр 16 желтоқсанда Рахмонов америкалық файтер Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізген болатын. Жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.