Алматының оңтүстік-шығысында тағы да жер сілкінісі тіркелді

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ

Фото: Istockphoto

Қазақстандық сейсмологтар 9 сәуір күні таңертең кезекті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 9 сәуір күні таңғы сағат 9:10-да жер асты дүмпулерін тіркеді. Олардың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 528 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

  •  Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4.
  •  MPV магнитудасы 4.6.
  •  Тереңдігі 10 км.

Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ.