Ораза айт мерекесінде Индонезияның 193 миллион халқы қаладан ауылға көшеді

Автор: Темірхан Айжан

Олар ауылдағы ата-ана, ағайын арасына оралу дәстүрін «мудик» деп атайды

Фото: APnews

Индонезия билігі тарихтағы ең ірі көші-қонды күтіп отыр. Миллиондаған адам бейсенбіде Ораза айт мерекесін туған-туысымен бірге өткізу үшін қаладан ауылға қарай ағылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy APnews-ке сілтеме жасап. 

Көлік министрлігінің хабарлауынша, былтыр 124 миллион адамның (халықтың 46%-ы) ағыны болды, ал биыл көрсеткіш 193 миллионға, яғни халықтың 72% қамтуы мүмкін.

Индонезия – халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын ең тығыз қоныстанған ел. Жыл сайын мұсылмандар мерекесін тойлауға қала халқының басым көпшілігі ауыл-аймаққа қарай асығады. Олар ауылдағы ата-ана, ағайын арасына оралу дәстүрін «мудик» деп атайды.