Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Автор: Темірхан Айжан

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым қашықтықта жер сілкінді 

Фото: istockphoto.com

Бүгін таңертең Алматыдан 445 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуірде таңғы сағат 4:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде - Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. MPV магнитудасы 4,1. Тереңдігі 10 шақырым», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар жер сілкінісін сезген жоқ.