Қызылордалық құтқарушылар Ақтөбеден Қостанайға қарай жолға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару жұмыстарын жүргізді

Фото: ТЖМ

Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданының Әйке ауылындағы эвакуациялау-құтқару, көмек көрсету жұмысын тәмамдады6 деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш  жұмыстарды жалғастыру мақсатында, орталық штабтың тапсырмасына орай олар Қостанай облысына қарай жолға шықты.

Ақтөбе облысындағы әріптестер Қызылорда өңірінен келген құтқарушыларға алғыс білдірді.