Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңір әкімі қаулыға қол қойды

Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірде төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

  1. «Атырау облысында табиғи төтенше жағдай жариялансын.
  2. Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары төтенше табиғи жағдайды жою басқармасының басшысы болып тағайындалсын және төтенше табиғи жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген «Ашық НҚА» интернет-ресурсындағы хабарламаның мәтінінде.