Жәнібектің анасы болуы мүмкін: журналист бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақ баласының анасы болуы мүмкін деген болжаммен 4 әйел қан тапсырған

Фото: Instagram/muratsaveliev

Танымал журналист Қымбат Досжан Instagram парақшасында бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген болжаммен қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққанын айтты.

«Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда. Жауаптыларға тықыр таянды», – деді ол.