Құлсарыдан 28 мыңнан астам адам көшірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында 6,8 мыңнан астам бала бар

Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр.  Қазірге дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Құлсарыдан 12 мыңнан астам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.