Қабылданған шаралармен өзен арналарында 15 мұз кептелісі жойылды
Еліміздің екі облысындағы өзендерді су тасқынын болдырмау үшін мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақмола облысының Есіл, Ішім, Жабай өзендерінің, Қарағанды облысының Сабырқожа өзенінің және Қостанай облысының Қарасу және Аят өзендерінің арналарында мұз кептелістерін болдырмау мақсатында ТЖД қызметкерлері су тасқыны кезеңінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізді.
Қабылданған шаралармен өзен арналарында 15 мұз кептелісі жойылды.