Тоқаев: Жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет

Автор: Azattyq Rýhy

Президент белсенді азаматтарға және блогерлерге ескерту жасады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жариялап, азаматтарды ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент өз сөзінде белсенді азаматтарға және блогерлерге ескерту жасады

«Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы осындай қиын кезеңде белсенділік танытқан азаматтарға алғыс білдірді.

«Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.