Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ – ТЖМ

Автор: Azattyq Rýhy

Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге ғана қауіп бар

Бейнеден кадр

Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге ғана қауіп бар. Жарылған су бөгеті көктем уақытында тасқын суды ұстап тұруға арналған. Сол үшін Қазақстанға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Су біздің аумағымызға кірмейді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында су бөгеті жарылған болатын.