Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Автор: Темірхан Айжан

Қазақстанның оңтүстігінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Синоптиктертің болжамынша, 6-8 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында, 8 сәуірде елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда», - деп ескертті метеорологиялық қызмет.

Қазақстанның оңтүстігінде найзағай болып, бұршақ жауады, түнде және таңертең тұман түседі.