Оның эпицентрі Сарыағаш пен Ташкент маңында болды
Ташкенттен 20 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy uznews.uz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасы ТЖМ Сейсмопрогностикалық мониторинг республикалық орталығының мәліметі бойынша, 5 сәуірде Ташкент уақыты бойынша 04:36-да (Астана уақыты бойынша 04:36-да) Қазақстанда жер сілкінісі болды.
Магнитудасы М=3,2. Тереңдігі 10 шақырым. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-батыс бағытта 20 шақырым.
Жер асты дүмпулері Өзбекстан астанасы мен Ташкент облысының кейбір аудандарында сезілді.
Зангиатин ауданы: 2 балл, 12 шақырым;
Учтепин ауданы: 2 балл, 15 километр;
Алмазар ауданы: 2 балл, 17 шақырым.