Қазақстандықтарды тұмаудан қорғау үшін мемлекеттік бюджеттен 1,6 трлн теңге жұмсалды

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцина алдағы тұмау көп тарайтын кезеңге арналған

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік бюджет есебінен тұмауға қарсы 1,8 млн вакцина дозасы сатып алынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

«Қазан айында тұмауға қарсы вакцина салу басталды. Осы мақсатта 1,8 млн вакцина дозасы сатып алынды. Оған Үкімет 1,6 млрд теңге жұмсады», - деді Жандарбек Бекшин.

 

 

Тегтер: