Қостанай облысында төтенше жағдай басталғаннан бері 530-дан астам адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта облыстың үш ауданындағы 90 елдімекен мен қыстақтарды полиция күзетуде

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялауды жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдай басталғаннан бері облыстың оңтүстік аудандарында полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге 530-дан астам адамды эвакуациялады.  Қазіргі уақытта облыстың үш ауданындағы 90 елдімекен мен қыстақтарды полиция күзетуде. Тәртіп сақшылары мұнда эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуде.

«Күшейтілген режимде жұмыс істеп жатырмыз. Басты міндет-қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі тұрақсыз су тасқыны жағдайында автокөліктерді қауіпті жол бөліктерінен өткізе алмаймыз», - деп атап өтті ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

150 полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі және 49 техника жұмылдырылды.

Департамент базасында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Жағдай қиындаған жағдайда полиция қызметкерлері мен техникалардың резерві дайындалды.