Қазақстанның Сыртқы істер министрі ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Келіссөздер барысында тараптар ШЫҰ Астана саммитіне дайындалудың өзекті мәселелерін талқылады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кезекті кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді6 деп хабарлайды Azattyq Rýhy СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның Ұйымдағы төрағалық етуінің және 2024 жылғы шілдеде өтетін ШЫҰ Астана саммитіне дайындалуының өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбаттастар алдағы саммиттің «ШЫҰ плюс» форматында алғаш рет өтуі, сондай-ақ Беларусьтің Ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қатысуы тарихи маңызға ие екенін айтты.