Ол туралы жергілікті полиция хабарлаған
Швейцарияның әйгілі Церматт тау шаңғы курортында үш адам қаза тауып, тағы біреуі қар көшкінінен зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әлеуметтік желілерде таратылған кадрларда Церматтадағы Рифельберг аймағындағы альпі курортының шаңғы трассасынан тыс аймақты қалың қар басып қалғаны бейнеленген», - делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ірі құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Бірақ ол кейін тоқтатылды. Полиция әлеуметтік желіде қаза тапқандардың санын растады. Алайда қаза тапқандардың ұлты туралы мәлімдеме жасалмады.
Синьхуа хабарлағандай, жойқын жел мен қалың қарға қатысты билік Швейцарияның оңтүстігіндегі Альпідегі көшкін қаупі туралы ескерту жасады.