Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» ел аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер мәлімдегендей, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын  болады.

«Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. ҚР бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста – көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста – жел күшейюі мүмкін», - делінген ақпаратта.