Су тасқыны: Миялы ауылындағы екі мектептің оқушылары сабақты жазғы каникул кезінде оқиды

Автор: Azattyq Rýhy

2 сәуірде Миялы орта мектебінің 326 оқушысы сабақты онлайн форматта оқиды

Фото: istockphoto.com

Атырау облысындағы Миялы ауылында орналасқан екі мектептің оқушылары сабақты жазғы каникул кезінде оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданының екі мектебіндегі сабақ жазғы каникул кезінде өтеді.

«Кеше, 31 наурызда Қызылқоға ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланып, Миялы ауылындағы тұрғындарды ішнара эвакуациялау басталды. Осыған байланысты аудан орталығындағы Ы.Шөреков мектеп-гимназиясы мен Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп ғимараты эвакуациялық пункт ретінде белгіленді. Білім ордасының бірінде 480, ал екіншісінде 948 оқушы бар. Төтенше жағдай кезінде тоқтатылған сабақты жазғы каникул кезінде жалғастырады», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, ертең, 2 сәуірде Миялы орта мектебінің 326 оқушысы сабақты онлайн форматта оқиды. Тайсойған ауылындағы Ғ.Сланов атындағы орта мектептің 210 оқушысы да сабақты осындай форматта бастайды.